Новости Kz
19.06.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Г.Қосжанова №10 орта мектеп жанындағы жазғы демалыс лагеріндегі балалармен кездесіп, жіті ішек инфекцияларының алдын алу туралы түсіндіріп берді. Соңында балалар қызығушылықпен жеке гигиена ережелері туралы викторинаға белсене қатысып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында 14 маусым күні №2 Ақтау қалалық емханасында салтанатты шара өтті.
2019 жылдың 1 маусым және 1 шілде аралығында елімізде Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналасымен күрес күніне орайластырылған "Жақсы әдеттер марафоны" айлығы өтуде.
6.06.2019ж. "Заман" СО - да №2 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері "Біз денсаулықты таңдаймыз!" ұранымен кеңауқымды акция өткізді.
Бүгін №2 Ақтау қалалық емханасындағы "Қант диабеті" денсаулық мектебінде балалар эндокринологы С.Б.Уразалина қант диабетімен ауыратын балалар мен ата-аналары арасында "Инсулиндіқ помпаны қолдану дағдыларын үйрету" тақырыбында дәріс жүргізді
31.05.2019ж. емхананың құрама командасы медицина қызметкерлері арасындағы спартакиадаға қатысып, мини - футболдан жүлделі 3 орынды иеленді.
Тұрғындарды тері обыры және меланома туралы хабардар ету онкүндігі аясында, 25 - шы мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.
2019 жылғы 20 - 24 мамыр аралығында №2 Ақтау қалалық емханасы базасында "Патронаждық қызметтің универсалды - прогрессивті моделі" тақырыбында педиатр - дәрігерлері мен мейірбикелер арналған 5 - күндік оқыту семинар өтуде.
2019 жылғы 14 - 20 мамыр аралығында республикамызда мектеп жасындағы балаларға арналған "Салауатты өмір салтын ұстанымын!" денсаулық апталығы өтті.
Темекі шегудің алдын алу айлығы аясында, 2019 жылғы 13 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасының жасөспірімдер терапевт - дәрігері А.Н.Тулеубаева Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі студенттермен кездесіп, темекі шегудің алдын алу, темекінің ағзаға тигізетін әсері жайлі түсіндірме жұмысын өткізді.
Бүгін емхана директорының орынбасары А.Н.Нурллина, кәсіподақ төрайымі А.Қ.Нұрғожаева медбикелерді кәсібі мерекелерімен құттықтады.
2019 жылдың 4 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасы директорының ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева емханаға келген халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізді.
4.05.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Н.М.Еспулаева №21 орта мектептің 4 сынып оқушылары арасында "Абайла, қызылша!" тақырыбында дәріс жүргізді.
Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орайластырылған "Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз" іс - шара аясында №2 Ақтау қалалық емханасының жасөспірімдер дәрігері К.И.Ахметова "Болашақ" колледжі студенттермен темекі шегудің зиянды әсері туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында 2019 жылғы 29 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.Г.Тастайбекова №28 орта мектептің 4 сынып оқушылары арасында "Вакцинация - сау өмірге әкелетін жол!" тақырыбында сабақ өткізді. Ондағы мақсат балаларға екпенің пайдасы мен екпені алмаған жағдайдағы қауіпті жеткілікті түрде түсіндіріп, екпе егуге оң қозқарас қалыптастыру.
2019 жылдың 26 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасы директорының ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева емхана келушілері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Елімізде жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық өтуде. Осыған байланысты, 2019 жылғы 23 сәуірде №2 Ақтау қалалық емханасының хирург - дәрігері Амантөре Айбек Қыпшақұлы №16 орта мектептің 4А сынып оқушыларына "Жарақаттанудың алдын алу" тақырыбында сабақ өткізді.
2019 жылғы 22 - 26 сәуір аралығында №2 Ақтау қалалық емханасы базасында "Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызметтің универсалды - прогрессивті моделі" тақырыбында педиатр - дәрігерлері мен мейірбикелерге арналған 5 - күндік семинар - тренинг өтуде. Семинар - тренингтің мақсаты - ДДҰ мен ЮНИСЕФ - тің дайындаған бағдарламасы бойынша патронаж қызметтің жаңа рөлі мен жаңа міндеттерін педиатр - дәрігерлеріне мен мейірбикелерге түсіндіріп, үйрету. Апталық оқуды ерте жастағы бала дамуы бойынша үйлестіруші С.М.Ермұқанова өткізуде.
2019 жылғы 15 - 19 сәуір аралығында №2 Ақтау қалалық емханасында тренер Султанбекова Гульмира Амантаевна жалпы тәжірибе дәрігерлері мен медбикелер арасында "Созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бағдарламасын енгізу" тақырыбы бойынша оқыту тренингтірі өткізілуде.