Новости Kz
1414 операторлары 9.00 - ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕМЕСЕ ПРОФИЛЬДІ МАМАНДАРДЫҢ КЕҢЕСТЕРІН ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДАН БАСҚА ЖЕРДЕ АЛУҒА БОЛА МА?
Емхананы еркін таңдау құқығын бірнеше жағдайда ғана пайдалануға болады:
БІЗ СІЗДЕРГЕ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР ДАЙЫНДАДЫҚ.
Қордың fms.kz сайтында «Пациент үшін» деген бөлімде «Емхананы таңдау» деген кіші бөлімде ТМККК және МӘМС медициналық көмек көрсетушілерінің тізбесі келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/kontaktnaya-informatsia/vybrat-kliniku/.
№16 С.Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектептің» 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Электронды темекінің адам ағзасына зияны» және синтетикалық психотроптық заттардың зиянына байланысты «Нашақорлық - қоғам дерті» тақырыбында кездесу өткізілді.
Маңғыстаулықтар «Egov.kz» сайты арқылы немесе емделу орталығына бару арқылы тұрғылықты жері бойынша емхананы еркін таңдай алады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров хабарлады.
Спикердің айтуынша, тіркелу үшін тұрғын өтініш жазып, жеке куәлікпен баруы қажет. Бірақ міндетті түрде өз мәртебесін анықтап алуы керек.
- Жалдамалы жұмыскер, жеке кәсіпкер, зейнеткер, студент секілді мәртебесін нақты көрсетуі керек. Жылда 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тіркеу науқаны өтеді. Сол уақытта басқа елді мекенге қоныс аударған, тұрақты барып жүрген емханасы жабылған тұрғындар емхананы ауыстыра алады, - деді Аманбек Жұмыров.
«2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу міндетті болып табылады әрі жұмыс пен табыстың бар - жоғына қарамастан ай сайын төлем жасалуы тиіс. Бірақ бұл ретте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі барлық халыққа, ең алдымен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін қолжетімді болып қала береді», - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша Қор филиалында.
Егер азамат 2020 жылдан бастап МӘМС жарналарын аударуды жүзеге асырмаса, онда мемлекет төлеушіге барлық кезеңді берешек деп қоймайды. Сақтандыру мәртебесін алу кезінде 12 айға төлем жасағаны ескеріліп, бұрын төленбеген барлық кезеңдері автоматты түрде жойылады.
Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына кіретін 15 жеңілдік санатына, яғни 11 миллионнан астам адам үшін жарна төлейді. Бұл жүйенің әлеуметтік жауапкершілігін және халықтың денсаулығын қорғауға бағдарланғандығын дәлелдей түседі. Яғни:
- егер адамның жұмысы болмаса, ол жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, жеңілдік мәртебесін ала алады;
- егер адамның табысы мүлдем болмаса, ол атаулы әлеуметтік көмек алушы бола алады және жеңілдікті мәртебеге ие болады;
- әйелдер жүктілік кезінде және босанғаннан кейін де жеңілдік мәртебесін алады;
- күндізгі оқу бөлімінің студенттері, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, 18 жасқа дейінгі балалар - олардың барлығы жеңілдікті мәртебеге ие, яғни МӘМС жарналарын олар үшін мемлекет төлейді.
28 орта мектеп 9 - 10 сынып ер балаларына Есірткісіз болашақ! Есірткінің адам организіміне әсері қандай? Нашақорлыққа - жол жоқ!!! Тақырыбында дәріс оқылды. Жүргізген: ВОП Ержан Айгерим Ержанқызы Психолог Айдарова Айым Дембаевна.
№2 Ақтау қалалық емханасында 2023 жылдың 27 қаңтар айында Дүние жүзілік жатыр мойын обырына қарсы ашық есік күні өтті. Онколог Ж.А. Атембекова және гинеколог А.А. Пантелеймон дәрігерлердің қатысуымен кеңес берілді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! / ВНИМАНИЕ! Бізге байланысты емес себептер бойынша Beeline ұялы байланыс операторының абоненттерінен 1406 байланыс орталығына қоңыраулар қабылданбайды. Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Saqtandyrybot TelegramBot - ы және www.fms.kz Қор сайты сынды балама кері байланыс арналарын пайдалануды сұраймыз. ***************************************************** По независящим от нас причинам прием звонков от абонентов оператора сотовой связи Beeline Контакт - центром 1406 на данный момент недоступен. Просим использовать альтернативные каналы обратной связи такие как: мобильное приложение Qoldau 24/7, TelegramBot - SaqtandyryBot и cайт Фонда - www.fms.kz.
№2 Ақтау қалалық емханасының мәжіліс залында Маңғыстау Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Б.А.Дүйсенбаеваның қатысуымен алқа мәжілісі өтті. Жиында емхана директоры
Жарас Мусагалиевич салада атқарылған жұмыстарды баяндады.
‼️СТОМАТОЛОГИЯ‼️
КАЗАКСТАН АЗАМАТТАРЫНЫН ЖЕКЕЛЕГЕН
САНАТТАРЫНА СТОМАТОЛОГИЯЛЫК МЕДИЦИНАЛЫК КӨМЕК КӨРСЕТУ
Құрметті облыс тұрғындары!
Облысымызға шектеулі мөлшерде коронавирусқа қарсы Пфайзер компаниясының КОМИРНАТИ вакцинасы жеткізілді.
Емханамызга 126 Пфайзер екпеси келді, ревакцинация және қайта ревакцинациялану, шетелге шығуды жоспарлап жүргендер болса екпе алуға шақырамыз, сондай ақ жүктіліктің 16аптасынан бастап жүкті айелдер мен босанғанына 40күн өткен бала емізетің әйелдер, 12жастан жоғары жасөспірімдерге салынатындығын кайталаймыз
Егу 17.01.2023ж. - нан басталады
#2 Ақтау қалалық емханасында, дәрігер эндокринолог Мендикулова.Р.М "Қант диабеті" мектебін өткізді. Онда қант диабетінің пайда болу себептері, тамақтану режимі және аурудың асқыну барысын түсіндірді.
Біздің емхананың материалдық-техникалық базасы жаңа жабдықтармен толықтырылды: «Флюраком» сандық флюорографиялық рентген аппараты және «New Oriental 1000» медициналық рентген радиографиялық құрылғысы. Жаңа жабдықта рентгенолог дәрігерлер талдау үшін ең нақты кескіндерді ала алады және де емделушінің зерттелетін ағзасы жөніндегі ақпараттың көлемі мен құндылығы артады.
Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орайластырылған айлық аясында 2020 жылғы 17 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында облыстық ЖИТС орталығы мамандарының қатысуымен Ашық есік күні ұйымдастырылды. Емхана келушілеріне АИТВ/ЖИТС-тын жұғу жолдары, аурудың алдын алу туралы мәліметтер берілді, ақпараттық буклеттер таратылды, сонымен бірге экспресс-тест ұсынылды.
07.10.2020ж. №2 Ақтау қалалық емханасында медицина қызметкерлері арасында ЖРВИ мен коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша оқыту семинары өтті. Семинар барысында емхананың эпидемиолог дәрігері Р.М.Кульманова «Жіті респираторлы вирустық инфекция мен коронавирусты инфекцияға күдікті науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және олардың алдын алу» баяндамасын жасап, емханада жүргізілетін алдын алу шаралар жоспарымен таныстырып өтті.