Новости Kz
2020 жылғы 25 қыркүйек күні №2 Ақтау қалалық емханасында емхананың медицина қызметкерлеріне міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша семинар өткізілді. Сарапшы - дәрігер А.Ш.Абдуллаев әріптестеріне МӘМС жүйесіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі туралы баяндап берді.
21 маусым күні QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасында дәрігерлердің кәсіби мерекесіне орай «Абзал жандар» атты телемарафон өтті.
Емхана психологтары Шамшиева М. Иманалиева Б. және Туребаева Г. емхана қызметкерлері арасында «Медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясы» тақырыбында семинар - практикумдар өткізді.
№2 Ақтау қалалық емханасында коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында санитарлық - дезинфекциялық тәртіп күшейтілді: есік, тұтқаларды және т.б. ашық жерлерді тазалап дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, ересектер және балалар бөлімшесіндегі кіреберісте қолға арналған антисептиктер орнатылды, емхана холлында коронавирусты инфекцияның алдын алу ережелері туралы ақпарат бар стенд орналастырылды.
Жыл сайын 24 наурыз күні әлемде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні аталып өтеді. Осыған орай жыл сайын республикамызда 24 ақпан - 24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алуға арналған айлық өтеді.
18.02.2020ж. №2 Ақтау қалалық емханасының онколог дәрігері Ж.А.Атембекова «Қатерлі ісіксіз өмір!» тақырыбында №14 орта мектебінің 10 сынып оқушыларына дәріс жүргізді. Шараның мақсаты — денсаулықты нығайту және сақтау, онкологиялық аурулардың алдын алу.
10.02.2020 жылы «Болашақ» колледжінде №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері М.Б.Тілембаев коронавирустық инфекцияның алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттер аурудың белгілері мен коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы білді.
7.02.2020ж. №2 Ақтау қалалық емханасында медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясына арналған семинар өткізілді. Эпидемиолог Р.Кульманова семинар барысында жаңа коронавирустың патогенезің, клиникалық көрінісін және оның алдын алу шараларын түсіндірді.Сонымен бірге коронавирустық инфекцияға күдік болған жағдайда медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі пысықталды.
30.12.2019ж. Бұл күні емхана басшылығы ұжымды Жаңа жылмен құттықтап, ерен еңбегімен ерекшелінген қызметкерлерге Алғыс хаттар табыстап, алғыс жариялады.
19.12.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасына Денсаулық сақтау вице - министрі Л.М.Ақтаева келді.
12.12.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасына ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Н.А.Асылбеков бастаған жұмыс тобы келді.
Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орайластырылған айлық аясында 2019 жылғы 28 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында облыстық ЖИТС орталығы мамандарының қатысуымен Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларына қарсы күрес күніне орайластырылған онкүндік аясында 2019 жылғы 27 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.
Бұл форма көмегімен сіз қабылдауға жазыла аласыз!Сіздің өтінімнен кейін, біз қабылдау уақытын нақтылау үшін Сізбен байланысамыз. Біз қабылдау күнін нақтылау үшін сізбен байланыса алуымыз керек, сондықтан сіз туралы шынайы ақпаратты көрсетуіңізді сұраймыз.
Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне орай 2019 жылдың 18 қарашада №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Г.К.Жангирова физика - математикалық мектеп оқушылары арасында «Темекі шегу - денсаулыққа зиян келтіру» тақырыбында сабақ өткізді.
2019 жалғы 14 қарашада №2 Ақтау қалалық емханасында медицина қызметкерлеріне арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу мәселелері жөніндегі оқыту семинары өтті.
2019 жылғы 13 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасының эндокринолог - дәрігері Ж.У.Мадинова «Қант диабеті мектебінде» кезекті сабақ өткізді.
Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орай 2019 жылғы 13 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасының жасөспірімдер терапевт-дәрігері К.И.Ахметова «Болашақ» колледжі студенттермен кездесіп, «ЖИТС - ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында сабақ өткізді.
2019 жылғы 11 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлықпен медицина үйлесімсіз!» тақырыбында семинар өтті.