Новости Kz
№2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Р.М.Кульманова 2018 жылғы 25 шілде күнінде емхананың конференц залында "Қол жуу техникасы. Қол жуу гигиенасының бағдарламасы" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
2018 жылғы 20 шілде күні №2 Ақтау қалалық емханасының кәсіподақ мүшелері "Сеним" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігі басшысының уақытша міндетін атқарушы Д.Б. Нурпеисовамен кездесті. Кездесу барысында Д.Б.Нурпеисова жаңадан ашылған кәсіподақ бірлестігі жұмысы туралы және бірлестіктің артықшылықтары жөнінде түсіндерме жасады.
2018 жылғы 9 - 13 шілде аралығында №2 Ақтау қалалық емханасы базасында қала медицина ұйымдарының педиатр - дәрігерлерінің қатысуымен "Патронаждық қызметтің универсалды - прогрессивті моделі. Баланың ерте дамуы" тақырыбындағы 5 күндік семинар - тренинг өтуде. Семинар - тренингтің мақсаты - ДДҰ мен ЮНИСЕФ - тің дайындаған бағдарламасы бойынша учаскелік педиатр - дәрігерлеріне патронаж қызметкерлерінің жаңа рөлі мен жаңа міндеттерін түсіндіру. Апталық оқуды ДДҰ мен ЮНИСЕФ өкілі Б.Н.Бабаева өткізуде.
Бүгін, 15 маусым күні №2 Ақтау қалалық емханасында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлескен "Сау болу - сәнді!" ұранымен акция ұйымдастырылып, өткізді. Шара барысында дәрігерлер скринингтік тексерулер жүргізіп, менингококк инфекциясы мен зиянды әдеттер жөнінде ақпараттық - түсіндіру жұмысын өткізді.
Медицина қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде маусым айының үшінші жексембісінде аталып өтеді. Осыған орай, мереке қарсаңында 14 маусым күні №2 Ақтау қалалық емханасында салтанатты шара болып өтті.
2018 жылдың 7 маусымында №2 Ақтау қалалық емханасы директорының балалар бойынша орынбасары Шаңытбаева Ж.К. мешіттің бас имамы Сейтбеков Смайылдың қатысуымен Маңғыстау облыстық "Бекет Ата" мешітіндегі жамағат арасында екпе жасаудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы және менингококк инфекциясы жөнінде ақпараттық - түсіндерме жұмысын жүргізді.
Рамазан айында №2 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері 2 топ мүгедектігі бар қыз баласын тәрбиелеп отырған 2 топ мүгедегі Қанатова Қанзипа мен 7 баланы асырап отырған жалғыз басты ана Бисембаева Пердегүлдің үйлеріне барып, №2 Ақтау қалалық емханасының атынан материалдық көмек көрсетті.
ДДҰ - ның мәліметтері бойынша қазіргі әлемде есірткі заттарын қабылдайтын тұлғалардың санының үздіксіз өсу беталысы байқалуда, жастардың есірткілерді тұтынуы өсуде, дәстүрлі емес есірткілерді тұтынуға қоғамның барлық әлеуметтік - экономикалық топтарының өкілдері тартылуда. Өскелең ұрпақ арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың таралуы үрей тудырады, себебі балалар мен жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі ересектердің нашақорлығын дамыту үшін тұрақты базаны қалыптастырады.
2018 жылдың 7 маусымында №2 Ақтау қалалық емханасы директорының ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева емханаға келген халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, электронды медициналық сервистерінің Damu Med мобильді қосымшасы және менингококк инфекциясы жағдайына қатысты ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізді.
2018 жылғы 6 маусымда №2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиолог - дәрігері Г.Жанашақызы емхана медицина қызметкерлері арасында "Менингит және менингококк инфекциясы" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында аурудың алдын алу, сақтану шаралары және аурумен күрес мәселелері талқыланды.
Бүгін, 2018 жылғы 31 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасының конференц залында медицина қызметкерлеріне арналған "Менингит және менингококк инфекциясы" тақырыбында оқыту семинары өтті.
2018 жылғы 1 маусым күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Бұл әлемді біз балаларға сыйлаймыз!" ұранымен Балаларды қорғау күні аталып өтті. Мереке күні педиатрия бөлімшесінің қызметкерлері барлық кішкентай емделушілер мен олардың ата - аналарын мерекемен құттықтап, түрлі сыйлықтар, шарлар және мақтау қағаздарын табыс етті. Ата - аналар емхана ұжымына балаларға көтерінкі көңіл - күй сыйлағаны үшін өз ризашылықтарын білдірді .
2018 жылдың 28 мамырында №2 Ақтау қалалық емханасының басшылығы "Ақсұнқар" мейрамханасында ауыз бекіткен қызметкерлерге ауызашар өткізді.
№2 Ақтау қалалық емханасында DAMU MED электронды медициналық қызметтер мобильді қосымшасы туралы түсіндіру және оны телефондарына жүктеп алу жолын түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Темекі шегудің алдын алу айлығы аясында, 2018 жылғы 21 мамырда №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері...
Бронх демікпесі - ентігу түрінде білінетін тыныс алу жолдарының созылмалы қабынып ауруы, жөтел жиі және ұзақ болған жағдайда адам тұншығуы мүмкін.
2018 жылдың 19 мамыр күні "Маңғыстау арена" спорт кешенінде медицина қызметкерлерінің арасында "Спорт - денсаулық кепілі" атты Спартакиаданың ашылу рәсімі болып өтті. Ашылу рәсімінен кейін волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа №2 Ақтау қалалық емханасының қыздар құрама тобы қатысып, жүлделі III орынды иеленді.
Құттықтаймыз!!!
2018 жылғы 15 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасының конференц - залында "Туберкулездің ерекше профилактикасы (БЦЖ, Манту, Диаскин - тест)" тақырыбында оқыту семинары өтті.
2018 жылғы 15 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасында Дүниежүзілік артериалды гипертонияға қарсы күрес күніне орайластырылған "Өз қан қысымынды біл!" акциясы өтті.
Темекі шегудің алдын алу айлығы аясында №2 Ақтау қалалық емханасында 2018 жылдың мамыр айының 14 күні Ашық есік күні өтті. Емхана холында "Никотинді дәруменге ауыстыр!" акциясы өткізілді.