Новости Kz
Бүгін №2 Ақтау қалалық емханасында медицина қызметкерлеріне арналған таңертеңгілік жаттығу өтті.
Маскүнемдікті алдын алу онкүндігі аясында, ішімдікке теріс қарым-қатынас қалыптастыру мақсатымен 28.10.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының психологі
Денсаулық мектептерінде кезекті дәріс - сабақтар жалғасуда. Бүгін №2 Ақтау қалалық емханасының эндокринолог - дәрігерлері Мусаева А.Б., Мадинова Ж.У.
«Қант диабеті» денсаулық мектебінде қант диабетімен ауыратың емделушілерге «Қант диабетінің асқынулары» тақырыбында дәріс жүргізді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 19 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өткізілді.
ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алу жөніндегі айлық аясында 11.10.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.Б.Толесбаева №20 орта мектептің 8 сынып оқушыларымен кездесіп, онда жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу туралы әңгімеледі.
Жыл сайын 10 қазанда Психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдаумен психикалық денсаулық проблемалары туралы қоғамды ақпараттандыру және психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күш - жігерді жұмылдыру мақсатында өткізіледі.
Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР премьер - министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев 2019 жылғы 11 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының тыныс - тіршілімен танысты.
2019 жылдың 1 қазан -1 қараша аралығында облысымызда «Ескерту. Қорғау. Егу!» ұранымен ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алуға бағытталған айлық өткізілуде.
2019 жылғы 1 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының әкімшілігі көп жылдар емханада қызмет істеп зейнеткерлікке шыққан қызметкердің үйлеріне барып, Дүниежүзілік қарттар күнімен құттықтады. Оларға зор денсаулық тілеп, ақшалай сыйлық табыстады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 25 қыркүйек күні 15 шағын аудандағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» кең көлемді шара өтті.
Салауатты өмір салтын ұстануды, дұрыс тамақтануды, спортпен айналысуды насихаттау мақсатында 2019 жылдың 14 қыркүйек күні Ақтау қаласында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен «Денсаулық фестивалі» өтті.
2019 жылдың 14 қыркүйек күні №2 Ақтау қалалық емханасында қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті.
Ұлттық жанұя күніне орайластырылған «Дені сау жанұя - дені сау мемлекет» Ұлттық бағдарлама шеңберінде №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Н.Н.Райымбердиева №16 орта мектебінің 4 сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында дәріс өткізді.
Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» Ұлттық бағдарлама шеңберінде №2 Ақтау қалалық емханасының жасөспірімдер дәрігері К.И.Ахметова «Болашақ» колледжі студентері арасында «Инсульттің алдын алу» тақырыбында лекция жүргізді.
2019 жылдың 1 - 10 қыркүйек аралығында жол - көлік оқиғасының алдын алу бойынша онкүндік өтуде. Аталмыш шара аясында №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.А.Мадинаева қыркүйек айының 2 күні «Өркен» бала - бақшасының №6 ортаңғы топ бүлдіршіндерімен кездесіп, қауіпсіздік сабағын өткізді. Сабақ барысында А.А.Мадинаева жолда жүру ережелерін түсіндіріп, жолда абай болуға шақырды.
2019 жылдың 27 тамызында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында №2 Ақтау қалалық емханасы кәсіподақ комитеті балалары 1 сыныпқа баратын 26 емхана қызметкерлеріне ақшалай көмек берді.
2019 жылғы 22 тамыз күні 15 шағынауданы «Амфитеатр» алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша кең көлемді шара өтті.
15.08.2019ж. №2 Ақтау қалалық емхана дәрігерлері мен «Маңғыстау облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медицина мекемесі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс - шаралар жоспарын орындау мақсатында, 31 ақшам ауданы «Сары базар» орталығында медициналық шара өткізілді.
24.07.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасында Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған «Гепатит, ТОҚТА!» акциясы шеңберінде Ашық есік күні өтті. Іс - шара барысында №2 Ақтау қалалық емхана қызметкерлері науқастардың қан қысымын өлшеп, сұрақтарына кеңес берді және баспа материалдары таратылды.
№2 Ақтау қалалық емхана дәрігерлері мен "Маңғыстау облысы салауатты өмір салтын қалыптасыру орталығы" медициналық мекемесі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 31 ықшам ауданы "Сары базар"орталығында медициналық шара өткізілді.