Новости Kz
2019 жылғы 5 ақпан күні №2 Ақтау қалалық емханасында Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орайластырылған қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті.
2019 жылғы 5 ақпан күні "Маңғыстау обаға қарсы індет станциясы" РММ - нің эпидемиолог - дәрігерлері А.С.Беркенова және М.В.Косовцева №2 Ақтау қалалық емханасының медицина қызметкерлері үшін "Аса қауіпті инфекциялар" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарда аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алудағы негізгі аспектілері талқыланып қаралды, сонымен бірге энидемиолог - дәрігерлер алғашқы эпидемияға қарсы іс - шаралар алгоритмін көрсетті.
2019 жылғы 30 қаңтарда "Ақтау" сауда - ойын сауық орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрменкесі өтті. Шара барысында мемлекеттік басқармалардың мамандары тұрғындарға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіріп, тиісты кеңестер берді.
Жатыр мойны обырының алдын алу апталығы шеңберінде 2019 жылғы 26 қантарда №2 Ақтау қалалық емханасында жатыр мойны обырын ерте кезеңінде анықтауға арналған Ашық есік күні өткізілді. Шара барысында келушілерге скринингтік тексерулер, онкоцитологиялық талдаулар, маммографиялық зерттеу жүргізіліп, дәрігер мамандардың кеңесі берілді.
24.01.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасы отбасын жоспарлау кабинетінің акушеркасы П.Пошанова №4 мектеп - лицейінің 10 сынып оқушы қыздары арасында "Жатыр мойыны обырын алдын алу" тақырыбында лекциялық сабақ өткізді.
15.01.2019ж. "БЖЗҚ" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлім мамандары А.М.Едильханова мен Н.У.Утеева халықтың қаржылық - құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында №2 Ақтау қалалық емханасы қызметкерлеріне "ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер" тақырыбында семинар өткізді.
10.01.2019ж.№2 Ақтау қалалық емханасында дәрігерлер мен мейірбикелерге арналған "Жіті коронарлы синдром. Дифференциалды диагностика. ЖКС алғашқы көмек" тақырыбында оқыту семинары өтті. Терапевтикалық бейінді бір сала мамандары бөлімшесінің меңгерушісі А.Ш.Балтаева семинарды өткізіп, мамандарға жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмін және жіті коронарлы синдром кезінде алғашқы көмекті орындау техникасын көрсетті.
2018 жылы 30 желтоқсанда №2 Ақтау қалалық емханасында Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік шара өтті. №2 Ақтау қалалық емхана директоры Б.Ж,Төлегенов емхана ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін арнады.
Ақтау қаласы білім бөлімінің "Оқушы Орталығы" КММ - де және аула клубтарында 6586 бала түрлі үйірмелерге тегін қатысады, олардың ішінде 500 - ге жуық бала әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жатады.
Жуырда қаламызда жас мамандардың басын қосқан форум өткен болатын. Шара барысында медицина саласына елеулі үлес қосқан дәрігерлер марапатталды. Солардың ішінде №2 Ақтау қалалық емханасының кардиолог дәрігері Г.Г.Нуркабаева "Маңғыстау облысы денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін" медаліне, нормативтен тыс медицина қызметтерін көрсету бөлімшесінің меңгерушісі М.С.Ұзақбаев "Ең үздік тәлімгер" төс белгісіне ие болды.
12.12.2018ж. №2 Ақтау қалалық емханасының дәрігерлері мен медбикелері Ақтау қалалық әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлеріне тегін медициналық қызмет көрсеткен болатын.
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы мен Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 11 карашада Ақтау қаласында "Жас дәрігер - Жасампаз күш, жаңа серпін" атты өңірлік жас мамандар форумы өтті. Аталмыш шараға №2 Ақтау қалалық емханасының жас дәрігерлері қатысты. Жас мамандар Гиппократ антын айтып, елге адал қызмет етеміз деп үәде берді. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сқақов М.Н. форумға қатысушыларды құттықтап, қадамдарына ақ жол тіледі.
10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Маңғыстау облысының медицина қызметкерлері арасында шахматтан жарыс өтті.
Елбасы Н.Назарбаевтың Жастар жылын жариялауына байланысты өңірімізде "Салауатты Маңғыстау" акциясы өтуде.
2018 жылғы 30 қараша күні "Заман" әмбебап сауда кешенінде "Халықтық заңгер" акциясы өтті. Акцияның мақсаты - халыққа білікті, тегін заң көмегін көрсетіп, тұрғындардың құқықтық санасын көтеру. Шараға №2 Ақтау қалалық емханасының бас медбикесі Г.Мурзекенова қатысып, тұрғындарға денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және МӘМС жөнінде кеңестер берді.
2018 жылғы 24 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында облыстық онкология диспансерінің мамандарының қатысуымен өкпе обырын алдын алу мақсатында Ашық есік күні өтті. Шараға келген тұрғындар тәжірибелі мамандарға қаралып, қенес алды.
Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығын сауатты басқару дағдыларын салыптастыру мақсатында 2018 жылғы 23 қараша күні "Ақтау" ойын - сауық орталығында қала тұрғындары үшін кең ауқымды акция ұйымдастырды.
Республикамызда 2018 жылғы 18 - 28 қараша аралығында Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруына қарсы күрес күніне арналған "Еркін дем ал!" ұранымен онкүндік өтуде. Шараның мақсаты-азаматтардың денсаулығын сақтау, сондай - ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Бүгін облыстық медиа орталығында "МӘМС және ТМККК туралы ақпараттық анықтау жұмысы" тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке №2 Ақтау қалалық емханасы директорының әдістемелік - ұйымдастыру жұмысы жөніндегі орынбасары А.Қ.Жакешева қатысып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басым міндеттері туралы және емханаларға тіркелу тәртібі жөнінде толыққанды ақпарат берді.