Новости Kz
Бронх демікпесі денсаулық сақтау саласына ғаламдық мәселе тудырып, көп таралған созылмалы аурулардың бірі болып табылады.
№2 Ақтау қалалық емханасында 400 - ден астам мейірбике қызмет етеді. Олардың көпшілігі санатты білікті мамандар және барлығы ұдайы біліктілігін арттырып тұрады. Кәсіби біліктілігінің арқасында барлығы құрметке ие.
5 мамыр күні теңіз жаға жайында облыс әкімі Е.Тоғжановтың және Қазақстан Еңбек ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Әміраліұлы Үшкемпіровтің қатысуымен "Таңғы жаттығу" өтті. Аталмыш шараға №2 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері қатысты.
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында №2 Ақтау қалалық емханасы әкімшілігі директордың ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева тұлғасында және жалпы тәжірибе дәрігері С.А.Лушникова Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Иванович Салазкинның үйіне кіріп шықты.
1 Мамыр елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. Бүл мейрам бір шаңырақ астында достық, бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан көп ұлтты халқымыздың мейрамы.
2018 жылдың 28 сәуірінде №2 Ақтау қалалық емханасының балалар бөлімшесінде "Вакциналар Сізді және айналаңыздағы адамдарды күрделі аурулардан қорғау үшін жұмыс жасайды" ұранымен Еуропалық апталық шеңберінде Ашық есік күні ұйымдастырылды.
2018 жылдың 26 сәуір күні "Арман" жастар орталығында студенттер мен қала медицина ұйымдарының қатысуымен Деңсаулық күніне арналған кең көлемді акция өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агентігінің өкілдері Қозбағаров А., Машырықұлы Ж. 2018 жылғы 24 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасындағы цифрландыруды енгізу жұмыстарының барысын тексерді.
"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында №2 Ақтау қалалық емханасында мемлекеттік қызметтер электронды форматта көрсетіле бастады, соның ішінде электронды медициналық сервистерінің Damu Med мобилді қосымшасы қарқынды енгізілуде.
№2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері С.А.Лушникова велошеру қатысушыларының қан қысымын өлшеп, жәй-күйін қадағалап, шараның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті.
№2 Ақтау қалалық емханасында "Өзіне-өзі қызмет көрсету" бұрышы жұмыс жасап жатыр. Емхана қызметкерлері емделушілерге "электронды үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын және DAMU MED мобильді қосымшаны өз телефондарына жүктеп алу жолын түсіндіреді.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерей тойы аясында, сондай - ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 2018 жылғы 7 қазан күні Ақтауда жалпы қалалық жаппай жугіру өтті.
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл атаулы күн 1948 жылы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. Биылғы Дүниежүзілік денсаулық күні "Сау болу - сәнді!" ұранымен өтілуде.
2018 жылғы 5 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Медицина ұйымында АИТВ инфекциясын жұқтыру қатері" тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарды "Маңғыстау облысының СПИДпен күресу және алдын алу орталығы" ШЖҚ МКК-ның эпидемиолог дәрігері Н.К.Қойшиева жүргізді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында денсаулық сақтау саласын цифрлы жаңғырту белсенді жүріп жатыр. Денсаулық сақтау саласын цифрлаудың мақсаты медицина қызметкерлерінің жұмысын электронды форматқа көшіру. Осыған байланысты №2 Ақтау қалалық емханасында медициналық құжаттарды электронды форматта жүргізуін енгізу бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
1 сәуір күні Ақтауда облыс әкімі Ералы Төғжановтың қатысуымен Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған велошеру өтті. Велошеруге №2 Ақтау қалалық емханасының қызметкерлері қатысты. Игі шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау.
Ақтау қаласын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша 2018 жылғы 31 наурыз 30 сәуір аралығында жарияланған айлық шеңберінде, 31 наурыз күні №2 Ақтау қалалық емханасының аумағында сенбілік өтті. Емхана қызметкерлері емхана аумағын қоқыстардан тазалап, учаскелерді аударып, талдарды әктеді.