Новости Kz
Қараша айының үшінші бейсенбісінде әлемде Халықаралық шылым шегуден бас тарту күні аталып өтеді. Биылғы жылы елімізде "Шылым шегуді тастау үшін тамаша күн!" акциясы өткізілуде. Аталмыш шараның басты мақсаты - халықтың барлық топтарын шылым шегуге қарсы күреске тарту жолымен темекі өнімдерін тұтынуды төмендету, шылым шегудің профилактикасы және денсаулыққа темекінің зиянды әсері туралы қоғамды хабардар ету.
Жыл сайын 14 қараша әлемде дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтеді.
Атаулы күнге орай 2018 жылғы 14 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Қант диабеті - бақылауда" ұранымен бір қатар шаралар ұйымдастырылды.
9 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Медицина және жемқорлық сай келмейді" тақырыбында семинар - тренинг өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлықтын алдын алу басқармасының басшысы Н.Айтжанов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы А.А.Шамшиев, "Риза Ана" қоғамдық қор үйлестірушісі А.Байбатырова қатысып, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі басым - бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл заңнамасының талаптары туралы айтып берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату мәселесін талқылады.
Елімізде жыл сайын 15 қырқүйектен бастап 15 қараша аралығында халықты МСАК ұйымдарына бекіту науқаны жүргізіледі.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 5 қараша күні облыстық әкімдікте емхана басшыларының қатысуымен халықты МСАК ұйымдарына бекіту науқаны бойынша брифинг өтті.
Ағымдағы жылдың 2 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасы басшылығының бастамасымен емхана бекітілген егде жастағы тұрғындарға дөнгелек үстел ұйымдастырылды.
2018 жылғы 29 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының ұжымы Инсультке қарсы күрес күніне орай Ашық есік күнін өткізді.
Шараның мақсаты - халыққа қауіп факторлары және инсульттің негізгі белгілер туралы көбірек ақпарат беру.
Емхана холында медицина қызметкерлері артериалдық қан қысымын өлшеп, тұрғындарға инсульттің алдын алу бойынша кенестер берді.
2018 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында облысымызда ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алуға бағытталған айлық өткізілуде. Айлықты өткізудің басты мақсаты - жеке және қоғамдық қорғану шаралары мен аурудың асқынуына жол бермеу үшін медициналық жәрдемге дер кезінде жүгіну қажеттілігі жөнінде халықтың ақпараттылығын көтеру.
2018 жылғы 27 қазанда Ақтау қаласы 15 шағын аудандағы теңіз жағалауында "Денсаулыққа қажетті сандарға қол жеткіз!" ұранымен кең көлемді "Денсаулық фестивалі - 2018" өтті. Фестивальдің мақсатты - тұрғындардың назарын салауатты өмір салтын ұстануға аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау.
2018 жылғы 8 қыркүйек күні Ақтау қаласы 15 шағын аудандағы теңіз жағалауында "Денсаулыққа қажетті сандарға қол жеткіз!" ұранымен қен көлемді "Денсаулық фестивалі - 2018" өтті.
Бүгін 7 қыркүйек күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті. Онда барлық тұрғындарға кешенді тексеру жургізілді: қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейі, салмағы, артериалды қан қысымы өлшенді.
2018 жылғы 4 қыркүйекте №2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Р.М.Кульманова медицина қызметкерлеріне "Жұқпалы жіті ішек аурулары" тақырыбына семинарлық дәріс өткізді.
Жұқпалы жіті ішек ауруларын алдын алу бойынша онкүндік аясында 2018 жылғы 3 қырқүйек күні емхананың "Бала ағзасындағы жоғалған сұйықтықтың орнын толтырып емдеу бөлмесінде" бөбектердің аналарымен жұқпалы жіті ішек ауруларын алдын алу бойнша кеңес берілді.
2018 жылғы 22 тамыз - 4 қыркүйек аралығында "Жұқпалы жіті ішек ауруларының және тамақтан уланудың алдын алу, күресу шараларың ұйымдастыру жөнінде" онкүндік өтуде. Осыған байланысты 3 қыркүйек күні №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Г.Т. Башенова №12 орта мектеп оқушыларына лекциялық сабақ өткізді.
Мүмкіндіктерішектеулі тұлғаларға инфрақұрылымдарды қолжетімді ету мақсатында, көру, есту, қимыл - тірек аппараты бұзылыстары бар тұлғаларға №2 Ақтау қалалық емханасы толықтай бейімделген. Медициналық қызмет көрсету аумағына кіруге қолайлы жағдайлар жасалған, оның ішінде: - кіреберіс пен кіру алаңы сырғанауға қарсы жабынмен жабылған; - пандустар, тұтқалар, айқарма есіктер барынша мемлекеттік нормативтерге сәйкес келтірілген; - демалу және күту орындарында жұмсақ кушеткалар орналасқан;
2018 жылдың 16 тамызында №2 Ақтау қалалық емханасы директорының ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева емханаға келген халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және электронды медициналық сервистерінің DAMU MED мобильді қосымшасың ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізді.
Медицина саласының цифрландырылуына байланысты медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде. БМСК деңгейіндегі цифрландырылу бағыттарының бірі - электронды тіркеу орнын құру. Осыған байланысты, № 2 Ақтау қалалық емханасының тіркеу орны мен анықтама қызметі телефондары бірыңғай СALL - орталыққа біріктірілді.
018 жылғы 27 шілде күні №2 Ақтау қалалық емханасының акушерия және гинекология бөлімшесінде "Мобильді телефоныңды қолдан!" акциясы өтті.
2018 жылғы 27 шілдеде "№2 Ақтау қалалық емханасы" ШЖҚ МКК ұжымының кәсіподақ жиналысы өтті. Кәсіподақ жиналысында жаңадан ашылған "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" Республикалық коғамдық бірлестігіне өту мәселесі каралып, қызу талқыланды.
2018 жылғы 26 шілде күні Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының өкілдері Аталикова Ж.Я. мен Оналбаева А.С. №2 Ақтау қалалық емханасы ұжымымен кездесіп, "Зайырлылық және руханилылық" тақырыбында баяндама жасады. Кездесу барысында басқарма мамандары Зайырлылық пен Руханилықтың негіздерін түсіндіріп, ара байланысын ашып көрсетті. Соңында кездесу қатысушыларын мазалаған дін төңірегіндегі сұрақтарына жауап қайтарылды.